БҚО сот жүйесі қызметкерлері арасында спартакиада мәреге жетті

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, спорт мерекесін ашып, құттықтау сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыстың сот жүйесі қызметкерлерінен құралған 7 футбол командасы арасындағы тартысты бәсекеде экономикалық, қылмыстық істер және жасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардан құрылған футбол командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Тасқала және екі Зеленов аудандық сотынан құрылған команда иеленсе, үшінші жүлде Шыңғылау және Бөрлі аудандық, Бөрлі ауданының мамандандырылған әкімшілік соттарынының футболшыларына бұйырды.
Осы күні судьялар мен сот қызметкерлері бильярдтан, шахмат пен дойбыдан да бақ сынасты.
Бильярд бәскекесінде Батыс Қазақстан облысының кассациялық сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев топ жарды. Екінші орынға шыққан бөрлілік судья М.Сисенғали мен үшінші орынды бөліскен №2 Казталовка аудандық сотының төрағасы Б.Байдуллаев пен Орал қаласының мамандандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Иманбаев та кий таяқшасымен сыналап көздеп, туралап атудан еселерін жібермеді.
Әр жылдардағы сайыстарда да шахматтан нәтиже көрсетіп келе жатқан облыстық сот судьясы Ғ. Қырықбаев бұл жолы да биіктен көрініп, жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынға БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы А.Ғұбашев, үшінші орынға осы соттың сот приставы Е.Мүтиев ие болды. Дойбыдан бірінші орынды облыстық сот судьясы Н.Ділдәбеков алса, екінші орынды тасқалалық сот маманы Р. Хисаметдинов, үшінші орынды экономикалық соттың сот приставы Т.Усағазиевтер иеленді.
Жеңімпаз командалар мен спортшыларға кубоктар, дипломдар мен грамоталар және сыйлықтар табыс етілді.