Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БҚО сотының баспасөз қызметі судьяның ұсталуына байланысты ақпарат таратты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО сотының баспасөз қызметі Зеленов аудандық №2 сотының төрағасы кабинетінде 18 ақпан күні қарау іс-шаралары жүргізілгенін растады.

БҚО сотының баспасөз қызметі судьяның ұсталуына байланысты ақпарат таратты

Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қарау барысында әкімшілік жауапкершілікке тартылған «Ғинаят Құрылыс» ЖШС директоры Р.Хамзиннен Б.Сатыбалдиев алған 200 мың теңге табылған. Судьяның қолдарынан жұғын алынған, бірақ бояудың іздері табылмаған.

Қазіргі кезде аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның барысында әкімшілік іс бойынша талқы аясында Р.Хамзиннің Б.Сатыбалдиевтің кабинетінде биылғы 17 және 18 ақпанда болғандығы анықталды.

Мәлім болғанындай, Р.Хамзин бұрын да полиция қызметкерлеріне қатысты пара берген деген ақпарат бар. Осыған орай пара алуға арандату және судьяға қысым көрсетуге әрекеттің болуы мүмкін екендігі де теріске шығарылмайды.