БҚО, студент: Сайлау еліміздегі маңызды оқиға болғандықтан, оған қатысу - парыз

ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сайлау еліміздегі маңызды оқиға болғандықтан, оған қатысу - парыз.
None
None

Бұл пікірін М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Динара Мергенева білдірді.

Оның айтуынша, сайлауға қатыса отырып, әркім халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған сайлауалды бағдарламасына, азаматтық ұстанымы мен бедел-бейнесіне қарай өз қалаулысын таңдайды.

«Мен достарыммен бірге сайлауға белсене қатысамын. Өйткені бұл еліміздің болашағы үшін маңызды. Біз дауыс бере отырып, ел келешегінің негізін қалаймыз. Сондықтан бұл азаматтық парызымыз екенін жақсы түсінеміз», - деді Д.Мергенева.

Соңғы жаңалықтар