БҚО тексеру комиссиясы 5 млрд. астам теңге қаржы заңдылығын бұзушылықтың бетін ашты
ОРАЛ. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - БҚО тексеру комиссиясы 2012 жылы 5 млрд. астам теңге қаржы заңдылығын бұзушылықтың бетін ашты.
Тексеру комиссиясының төрағасы Серік Тұрсыновтың айтуынша, 147 лауазымды қызметкер жауапкершілікке тартылды. Қаржының жұмсалуына бақылау жасайтын аталмыш комиссия 1,5 жыл бойы жұмыс жасайды.
2012 жылы 152 нысанда 22216907,7 мың теңге көлеміне 89 бақылау шарасы жүргізілді. Соның нәтижесінде 5 млрд. 388 млн. 296,7 мың теңгенің заңбұзушылығы ашылса, соның 3632679,1 мың теңгесі бюджет қаржысының жұмсалуына байланысты. Барлық қаржының 58,3 пайызы немесе 3138801,9 мың теңгесі өндірілуге жатады. Қазіргі таңда соның 2968762,3 мыңы немесе 94,6 пайызы өндірілді.
147 лауазымды қызметкердің бесеуі - әкімшілік, 137-сі тәртіптік жауапкершілікке тартылса, бесеуі қызметінен босатылды.