БҚО тұрғындары Жеңіс күніне орай батырлар рухына тағзым етті

ОРАЛ. KAZINFORM – Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімін облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен соғыс ардагері Константин Кочережкин бастады. 

БҚО тұрғындары Жеңіс күніне орай батырлар рухына тағзым етті
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысынан қан майданға 76 мың азамат аттанса, соның жартысына жуығы оралған жоқ. Жеңіс үшін күрес – батыр буынның жүріп өткен ортақ жолы. Еске алу шарасына жиналғандар ата-бабаларының ерлігін дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын көрсетті.

 БҚО
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі
БҚО
Фото: БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгінде облыста 6 соғыс ардагері, 1,5 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Жеңістің 81 жылдығына орай оларға және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысы бар өзге санаттағы азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.