Black, Snow, Brown: Шымкенттегі үш альпакаға ерекше ат қойылды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Қазір үш альпаканың да жағдайы қалыпты. Олардың үшуі де 2022 жылы туған, екеуі аналық, біреуі аталық. Қазір барлығының жағдайы қалыпты. Зообақ қызметкерлері оларға лақап ат қою үшін әлеуметтік желіде байқау жариялаған болатын.

альпака
Фото: Видеодан алынған кадр

«Біздің сүйкімді альпакаларымызға Black, Snow, Brown деген лақап аттар таңдап алынды. Шымкент зоосаябағы ЕАРАЗА (Еуроазиялық аймақтық зообақтар мен аквариумдер) қауымдастығына мүше және халықаралық зообақтармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Сондықтан алдағы уақыттарда біздің әріптестеріміз жануарлардың аттарын айтудағы қиындықтарға тап болмас үшін, осылай атауды жөн көрдік. Бізге атсалысқан барлық оқырмандарымызға шын жүректен алғыс білдіреміз!», - деп жазылды зообақтың Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бұдан алдын Шымкент зообағына Чехиядан 3 альпака жануары жеткізілгенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар