Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM –  Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы білім беру ұйымдарының кітапханалық қызметін жаңғырту, оқырман мәдениетін дамыту және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мақсатында бірқатар заманауи ақпараттық жүйені әзірлеп, қолданысқа енгізіп жатыр.

Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшіп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл цифрлық платформалар кітапхана қорын тиімді басқаруға, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, электронды ресурстарды кеңінен пайдалануға және білім беру үдерісін қолдауға бағытталған.

Сонымен қатар, жүйелер білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға, талдау мен мониторинг жүргізуге, кітап оқуды насихаттаудың жаңа форматтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Аталған ақпараттық шешімдер білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысын біріздендіріп, цифрлық трансформация талаптарына сәйкес заманауи қызмет көрсету моделін қалыптастыруға ықпал етеді.

Айта кетелік Алматыда тағы екі кітапхана тәулік бойы ашық болатыны туралы жазған едік