Білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекеттік білім беру гранттары иегерлері 7 тамыз күні белгілі болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Білім гранты
Фото: halyq-uni.kz

– Жуырда ғана Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы аяқталды. Осыған байланысты көптен күткен мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі ертең, 7 тамызда жарияланатынын қуана хабарлаймын, – деді министр.

Еске сала кетейік, 5 тамызда білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтаған болатын.

2025-2026 оқу жылына Қазақстан бойынша 77 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлінді.

Айта кетейік, талапкерлерді жоғары оқу орындарына қабылдау процесі 2025 жылғы 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

США запускают «Проект Свобода» для вывода застрявших судов из Ормузского пролива
Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Ормуз бұғазында тұрып қалған кемелерді шығару үшін «Бостандық жобасын» іске қосты