Блокада наны Беларус мұражайының жәдігері болады

САНКТ-ПЕТЕРБОР.  Қарашаның  23-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Петербордан   Беларус  Республикасының Брест қаласына  блокада  наны  аттанады.   

Блокада  наны   Беларус мұражайының   жәдігері  болады

Нан  Беларус елінде  құрылып жатқан  жаңа мұражайдың   жәдігеріне айналады.

 «Өмір жолы»   бірлескен  ардагерлер  кеңесі төрағасының  орынбасары Сергей Панин  баспасөз мәслихатында  мәлім еткендей, жақында Ұлы Отан  соғысының ардагерлері мен   Петербор оқушылары      Брестке   аттанады  және олар өздерімен бірге   Ленинградты  қорғаған беларустар туралы  мұрағат  материалдары  мен 1942 жылғы    рецепт бойынша пісірілген блокада нанын алып  барады.

«Ол   нан    соғыс кезінде   біз үшін дайындалған     рецепт бойынша  Петерборда  пісірілді.  Онда     ұн  да,   бүгінгілер үшін  қалыпты  дәмдеуіштер де  жоқ,    бірақ  оның  дәмі  блокадашыларға  жақсы    таныс»,  дейді Панин.