BMW аккумулятор ақауы себебінен 570 мың автомобильді кері қайтарып алуда

Басты себебі аккумулятор клеммасының ақауы болды, оның салдарынан машина әлсін-әлі сөніп қала береді, деп хабарлады РБК.
.Автомобильді кері қайтарып алуға 2007-2011 жылдары сатылған үшінші сериядағы барлық модельдер қатары жатады. Сондай-ақ қызмет көрсету бағдарламасына 2008-2012 жылдары шығарылған бірінші сериядағы купе мен кабриолеттер және 2009-2011 жылдарда шығарылған спорткар Z4 ілігеді.
АҚШ көлік қауіпсіздігі бақылауы федералдық қызметінің мамандары пайдалану кезінде аккумулятор клеммосы, сондай-ақ электр сымдарының басқа да элементтері тез істен шығатынын, соның салдарынан двигательді оталдыруда проблемалар пайда болатынын анықтады.
BMW-нан хабарлағандай, компанияға двигательдің бұл проблемасы жол-көлік оқиғасына әкеліп соққаны да белгілі болған. Жұмыстар осы жылғы наурыз айынан бастап барлық ресми техникалық қызмет көрсету стансаларында тегін жүргізілмек.