BMW концерні Астанада автосалон ашады
Бүгін, мамырдың 28-і күні автосалон құрылысының алғашқы кірпіші қаланды. Оның көлемі 2 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын болады. Жобаға 3 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды.
Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Райнер Шлагеттердің айтуынша, BMW концерні Қазақстанның экономикасы қарқын ала бастаған сәтінде дұрыс шешім шығарып, елге инвестициялар салуда. Ал Астана қаласы бұл жаңа мүмкіндіктер мен озық жетістіктер символы.
«Бұндай шешім BMW компаниясының қазақстандық нарыққа, қазақстандықтардың аталмыш брендке сенімділігін білдіреді», деп атап көрсетті Елші.
Аталмыш орталықта 70 орынға жұмыс ашылады. Сонымен қатар компания ЖОО-ымен байланыс орнатып, онда оқып жүрген студенттерді тәжірибе жинақтау мақсатында жұмыс істеуге шақырады.