13:00, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Boeing 777 жолаушылар ұшағы кезінде Қазақстанда қайта сақтандырылған екен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғалып кеткен Malaysia Airlines (MAS) компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігі кезінде «Евразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ қайта сақтандырылған екен. Қазір компания орын алған оқиғаның себеп-салдарын анықтауға және және бұл оқиғаны сақтандыру жағдайына жатқызатын дәлелді құжаттарды күтіп отыр, деп хабарлайды «Евразия» Сақтандыру компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Malaysia Airlines (MAS) компаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы Куала-Лумпур қаласынан Бейжіңге ұшу барысында 2014 жылдың 8 наурызына қараған түні авиадиспетчерлердің радарынан жоғалып кеткен болатын. Қазіргі таңда бірқатар елдердің ұшақтары мен кемелері Оңтүстік Қытай теңізінде іздеу операцияларын жүргізуде.
Теңіздің Вьетнам еліне қарасты аумағында, Тхо-Чу аралынан 250 шақырым жерде белгісіз ұшақтың бірнеше сынықтары табылған. Олар жоғалып кеткен ұшақтың сынақтары да болуы мүмкін. Бірақ бұл әлі расталған жоқ.