«Богатыр Көмір» жұмысшысы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің слесарі суару қондырғысына дизель отынын құю барысында ауыр жарақат алған. 1982 жылғы азамат ауруханада көз жұмғаны анықталды.

слесарь
Фото: gov.kz

Кәсіпорында болған қайғылы оқиға туралы Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады.

- Қайғылы жағдай 28 қаңтар күні «Молодежная» стансасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, суару қондырғысына дизель отынын құю жұмыстарын орындау кезінде жазатайым оқиға болып, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның жұмысшысы жарақат алған. Зардап шеккен азамат Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізіліп, кейін қайтыс болған, - деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

1982 жылы туған азамат кәсіпорында слесарь болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қараша айында Богатырь Көмір» кенішінде жұмысшы тоққа түсіп көз жұмған болатын. 

Соңғы жаңалықтар