«Боинг-787» ұшағының сынақтан өту сәтін әлем жұртшылығы тамашалады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Эверетт қаласындағы америкалық «Боинг» құрастыру зауытынан шығарылған ұшақтың сынақтан өту үшін тұңғыш рет әуеге көтерілген сәтін көптеген шетелдік телеарналар тікелей эфирде көрсетті. Жаңа үлгідегі ұшақты құрастыру 2004 жылы басталған. Бастапқыда сынақтан өткізу 2007 жылы өтуі жоспарланған. Бірақ сынақ өткізу мерзімін жетілдіру мәселелері екі жылға ұзартты. Сондықтан осы ұшақтың әуеге көтерілу сәтін әлем жұртшылығы көптен күткен еді.
Бұл бірінші қос моторлы реактивтік жолаушылар ұшағы. Қазіргі ұшып жүрген «Боинг-777» ұшақтары сағатына 900 шақырымдық жылдамдықпен ұша алатын болса, ал «Боинг-787» әуе кемесі сағатына 2040 километр жылдамдықты бағындырады. Бір ұшқанда 15 мың шақырымнан астам қашықтықты қамти алады. Жолаушылар сыйымдылығы 250-ден 330 дейін. Ең бастысы, жаңа ұшақ экономикалық және экологиялық жағынан өте тиімділігімен ерекшеленеді. Ұшақ қаңқасының 50 пайызы мықты пластикалық материалдан жасалған. Бұрынғы ұшақтарға қарағанда 15 мың бет алюминий металын алмастырған. «Боинг-787» ұшағын жаңа материалдармен қамтуға Ресей елі де атсалысқан.Бұл ұшақ әлі бір жыл бойын сынақтан өтпекші. Алғашқы ұшақтарды Жапония алмақ. Күншығыс елі бірнеше ұшаққа тапсырыс беріп қойған. Алғашқы рейсті 2011 жылы бастауды жоспарлап отыр. Үш жыл ішінде әлем елдерінің 57 авиакомпаниясы 877 ұшаққа тапсырыс берген.
Қазір Қазақ елінің аспанында «Боинг-777» ұшақтары ұшып жүр. Алдағы уақытта жаңа заманның «Боинг-787» ұшақтары да біздің елдің жолаушыларын шырқау көкке алып шығады деген сенім бар.