Бөкендер Ресей мен Моңғолия шекарасындағы алты шақырымдық қоршауды қиратып кетті

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Моңғолиядан Забайкалье аумағына көшіп-қонып жүретін бөкендер Михайлово-Павловск селосындағы шекара заставасының аумағында Ресей-Моңғолия шекарасындағы алты шақырымдық қоршауды қиратып кетті,

Бөкендер Ресей мен Моңғолия шекарасындағы алты шақырымдық қоршауды қиратып кетті

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. Жануарлар Қызыл кітапқа енгізілген.

Аймақтық Мемлекеттік аңшылық қызметінің ақпараты бойынша, Забайкальенің шекаралас аудандарына Моңғолиядағы аштыққа байланысты 20 мыңға жуық бөкендер қоныс аударған.