Бөкей ордасы ауданының да жетістік-кемшіліктері сараланды - БҚО
ОРАЛ. 23 маусым. ҚазАқпарат - Аудандар рейтингіне байланысты облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаевтың төрағалық етуімен көшпелі кеңес Бөкей ордасында да өткізілді.
Онда облыстық басқармалар басшылары ауданның көрсеткіштеріне тоқталып, жетістік-кемшіліктерді саралап берді.
Бөкей ордасы - облыс орталығынан ең шалғай орналасқан аудан. Мал шаруашылығымен айналысатын аудан үшін, әсіресе, Нарын құмы төрт түлік өсіруге аса қолайлы. Жиында осы мүмкіндікті молынан пайдалану, асыл тұқымды мал басын көбейту, бюджет қаржысын тиімді игеру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланың түйткілді мәселелеріне көңіл бөлу, халықты жұмыспен қамту бағытында ұсыныстар айтылды. Осыған орай нақты жоспарлар жасалып, жүзеге асырылатын болады.
Ғ.Дүйсембаев сапар барысында аудандағы бес ауылдық округ әкіміне жаңа автокөліктердің кілттерін тапсырды