21:33, 14 Мамыр 2012 | GMT +5
Бөкей ордасы ауданының қайта құрылғанына 40 жыл толуына орай 27 адам құрметті азамат атанды
ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы ауданының қайта құрылғанына орай осы өңірге ерекше еңбек сіңірген 27 адамға «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Олардың арасында кезінде шаруашылық басқарған соғыс және еңбек ардагері Қадыр Ғайсин, аудан әкімі болған Нұрлыбек Бірманов, Лавр Хайретдинов, аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған Сәния Хамзина, Жәңгір хан атындағы орта мектепке ұзақ жыл басшылық еткен Күләш Құрманғалиевалар бар. Сондай-ақ құрметті атақты әр салада қызмет еткен осы ауданда тұратын азаматтар да иеленді.
Аудан әкімі Рахман Кариннің айтуынша, осыған дейін 26 бөкейордалық құрметті азамат атанса, олардың төртеуі ғана ауылда, қалғандары ауданнан тыс жерлерде, көбі Алматы, Орал қалаларында тұрады.