12:12, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
Бөкей ордасы сандық байланыс жүйесіне көшірілді
ОРАЛ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы аудандық байланыс жүйесі толықтай сандық байланыс жүйесіне көшірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Рахман Кариннің айтуынша, бұл облыспен арадағы телефон байланысын қазіргі заман талабына жаңартып, қызметтің сапасы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Телефонға мұқтаж тұрғындар тілегі толық қанағаттандырылатын болады. Сондай-ақ Интернет жүйесін де ешқандай кедергісіз пайдалануға қол жетіп отыр.