Бөкей ордасында 64 жастағы ер адам құлдықтан босатылды - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы, «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісінің қызметкерлері Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімі жедел қызметкерлерімен бірлесе отырып, 64 жастағы ер адамды құлдықтан босатты.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған ер адам Бөкей ордасы ауданындағы қыстақтардың бірінде 2009 жылдың қаңтарынан бері заңсыз ұсталып, сонда еркінен тыс жұмыс жасаған.
Осы факті бойынша шаруа қожалығының басшысына қатысты ҚР ҚК 128-бабы 1-бөлігіне сәйкес (адам саудасы) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.