Бөкей ордасында «Ер Төстік» балабақшасы пайдалануға берілді - БҚО
ОРАЛ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында «Балапан» бағдарламасына сәйкес бой көтерген 290 орындық «Ер Төстік» балабақшасы пайдалануға берілді.
Осыған орай өткен салтанатты рәсімде жиналғандарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов құттықтап, балабақша ұжымына БҚО әкімдігі атынан цифрлы пианино тарту етті. Құрылысты жүргізген «Жайықстройсервис» ЖШС директорының орынбасары Жаннат Тілеуімбетов балабақша меңгерушісі Анаргүл Мамаеваға бейнелі кілтті тапсырды.
Іші-сырты бірдей келіскен әдемі ғимаратта балғын бөбектердің тәрбиеленіп, өсуіне барлық жағдай жасалған.