Бокс: Ақсайда өткен «Достық» кубогы турнирінің жеңімпаздары белгілі болды

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және еліміздің облыс-қалаларынан 100-ден астам боксшы бақ сынаған жарыста салмақ дәрежелеріне қарай мына спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, Жандос Айтқалиев (Атырау, 46 кг), Жахонгир Болтабоев (Өзбекстан, 49 кг), Нұрбек Қазиев (Ақсай, 52 кг), Әл-Мұхамед Махмұт (Маңғыстау, 56 кг), Саед Зоолшоев (Тәжікстан, 60 кг), Арман Қабашев (Орал, 64 кг), Қуан Тәпен (Ақсай, 69 кг), Нұрлан Сабыров (Ақтау, 75 кг), Бекзат Нұрдәулетов (спорт шебері, Ақтау, 81 кг), Айболды Дәуренұлы (Ақтау, 91 кг жоғары) чемпион атанды. Сондай-ақ Дилшат Нұрым (Жаңаөзен, 56 кг) «Жеңіске деген жігері үшін», ақсайлық Қуан Тәпен «Үздік боксшы», Бөрлі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Жанат Төлбаев «Үздік боксшыны даярлағаны үшін», халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі, тараздық Айдамир Ералиев «Үздік қазылық еткені үшін» аталымдарымен марапатталды.