БОКС: Артур Бетербиев әлем чемпионы Сергей Ковалевпен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Қазіргі кезде Ковалев Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA), Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) және Халықаралық бокс федерациясының (IBF) 79,38 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша титулдарға ие.
«Егер менен Ковалевпен бокстастың ба деп сұраса, екі рет жұдырықтасып, екеуінде де жеңгенімді айтамын. Онымен тағы кездескің келе деп сұраса, әрине, кездескім келетінін айтамын. Кез келген әлем чемпионымен айқасудан бас тартпаймын», - деді Бетербиев телефон арқылы.
Бетербиев сондай-ақ Ковалевтің салмақ дәрежелеріне қарамастан, әлемнің ең мықты боксшыларының бірі екенін айтып өтті.
30 жастағы Бетербиев өзінің кәсіби жолында 8 рет жеңіске жетіп (барлығын нокаутпен аяқтады), бірде-бір рет жеңілмеген. Ол әлем чемпионы және Еуропаның әуесқойлар арасында екі дүркін чемпион болып табылады.