17:13, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Бокс: Астанада төрт елдің командаларының қатысуымен халықаралық турнир өтеді
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 14-і мен 19-ы аралығында Астанада Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Украина ұлттық құрамаларының қатысуымен бокстан халықаралық турнир өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Спорттық шараны Қазақстан Бокс федерациясы ұйымдастырғалы отыр. Жарысқа қатысатын командалардың құрамында Әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары бар. Матчтық кездесу 11 салмақ дәрежесі бойынша АИБА-ның ережелеріне сәйкес өткізіледі. Бұл турнирде Қазақстан намысын Біржан Жақыпов (48 килә), Мирас Жақұпов (51 килә), Данияр Төлегенов (54 килә), Думан Әлімов (57 килә), Айдар Әмірзақов (60 килә), Әділет Елгезеков (64 килә), Рүстем Сыбаев (69 килә), Нұрдәулет Жарманов (75 килә), Алмат Серімов (81 килә), Василий Левит (91 килә) және Иван Дычко (+91 килә) қорғайды. Жарыс елордалық цирктің спорттық аренасында өтеді.