Бокс: Б. Шүменов пен Г. Кампильо арасындағы жекпе-жектің өткізілетін мерзімі анықталды

АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кәсіпқой боксшылар қазақстандық Бейбіт Шүменов пен WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы испандық Габриэль Кампильо арасындағы жекпе-жектің өткізілетін датасы және орны анықталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, WBA нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін есе қайтару матчын қаңтардың 29-ында АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткізу жоспарланып отыр. Айта кетейік, аталмыш боксшылар арасындағы бірінші жекпе-жек 2009 жылғы тамыздың 15-інде Астанада өткен болатын. Онда қазіргі чемпион Г. Кампильо төрешілер даусының басымдығымен ұпай саны бойынша жеңіске жеткен-ді. Алайда, Б. Шүменов қарсыласын допинг-сынаманы өткізу процедурасында бұзушылықтарға жол бергенін негізге алып, аппеляция берген болатын. Енді, міне боксшылар шаршы алаңға тағы да шығып, шын мықтының кім екенін қайтадан анықтамақ.

Соңғы жаңалықтар