Бокс: Бакудегі әлем чемпионатынан қазақстандықтар медальсіз қайтты

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатынан Қазақстан құрамасы медальсіз қайтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бұл чемпионатта Қазақстан намысын 48 киләде Әнуар Мұзафаров, 51 киләдә Нұрлан Әбжанов, 54 киләда Руслан Мәдиев, 57 киләда Дархан Жұмсақбаев, 60 киләда Сабыржан Бақбергенов, 64 киләда Мейірім Нұрсұлтанов, 69 киләда Жәнібек Әлімханұлы, 75 киләда Әділет Рақышев, 81 киләда Арбек Әбдуғаниев, 91 киләда Асқар Күпеншеев, ал аса ауыр салмақта (91 киләдан жоғары) Даулет Мұсабаев қорғады.

Осылардың арасында тек екеуі ғана, атап айтқанда Нұрлан Әбжанов пен Жәнібек Әлімханұлы ширек финалға дейін жетті. Ширек финалда Н. Әбжанов мысырлық Махмуд Абделаальдан, ал Ж. Әлімханұлы өзбек Ахмад Мамаджановтан жеңіліп қалды. Сөйтіп, осыдан бір ай бұрын өткен Азия чемпионатында топ жарған Қазақстанның жастар құрамасы Бакудегі әлем чемпионатынан бірде-бір медаль еншілей алмады.

Соңғы жаңалықтар