БОКС: Бұрынғы әлем чемпионы Руслан Проводников рингке қайта шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айында өз титулын қорғай алмаған кәсіби бокстан бұрынғы әлем чемпионы Руслан Проводников қараша айында рингке қайта шығуы мүмкін.
None
None

Бұл туралы ол ИТАР-ТАСС тілшісімен болған сұхбатында атап өткен. Алдын ала жоспар бойынша Руслан қыркүйекте кездесуі керек еді. Бірақ қарсыласы әлі күнге дейін айқындалмай отыр. Ресейліктің менеджері Вадим Корниловтың хабарлауынша, алдағы аптадан соң оның жекпе-жекті кіммен өткізетіндігі белгілі болады.

Сондай-ақ Проводников өз титулын тартып алған американдық Крис Алгиеримен қарымта кездесудің мүмкіндігін де жоққа шығармайды.

«Алгиери төзімділік танытты, қайсарлығын көрсетті. Мен оны сыйлаймын. Бірақ қандай жағдайда да онымен жекпе-жекке шығуым қажет. Оған дейін мықты қарсыластармен кездесіп, бәрін де жеңуім керек», - дейді ресейлік боксшы.

Соңғы жаңалықтар