Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бокс: Дина Исламбекова әлем чемпионатының финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Гувахати қаласында өтіп жатқан бокстан жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында Дина Исламбекова финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокс: Дина Исламбекова әлем чемпионатының финалына шықты

81 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан 17 жастағы аруымыз жартылай финалда жергілікті боксшы Нехи Ядавты жарыс жолынан тайдырды.

Аса тартысты өткен айқаста төрешілер бірауыздан отандасымызды 30-26, 30-26, 30-27, 30-27, 29-28 есебімен жеңімпаз деп тапты. Енді Исламбекова финалда ресейлік Кристина Ткачёвамен жұдырықтасады.

Тағы бір отандасымыз 51 келі салмақта сынға түскен Жансая Әбдраимова жартылай финалда үндістандық Джиотиге 1: 4 есебімен жол беріп, қола медаль еншіледі.

Ал бүгін жартылай финалда Жазира Орақбаева (48 келі), Жансая Балтабекова (60 келі) және Арайлым Бекділдә (81 келі) өнер көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, аталған байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғау үшін 10 былғары қолғап шебері аттанған болатын.