Бокс: Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының ширек финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. 

Бокс: Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: ҰОК

Кезекті жарыс күні шаршы алаңға Ертуған Зейнуллинов шықты.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тайпей өкілі Ю Линмен жұдырықтасты. Нәтижесінде Ертуған айқын басымдықпен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті.

Осылайша Ертуған Зейнуллинов ширек финалда қырғызстандық Мирзохид Имамназаровпен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов ширек финалға өткен еді.