БОКС: Головкин мен Рубио тұңғыш рет ESPN студиясында кездесті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WВC нұсқасы бойынша осы салмақ дәрежесіндегі уақытша Әлем чемпионы 34 жастағы мексикалық боксшы Марко Антонио Рубио Лос-Анджелес қаласындағы ESPN студиясында (АҚШ-тың Калифорния штаты) «A Los Golpes» бағдарламасы аясында тұңғыш рет бетпе-бет кездесті.
None
None

Жүргізушілердің бірі аты аңызға айналған мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес болды -деп хабарлайды allboxing.ru сайты. Естеріңізге сала кетейік, екі боксшының жекпе-жегі биыл күзде 18 қазан күні Лос-Анджелес қаласының 8 мың адам сиятын StubHub Center аренасында өтеді. Марко Антонио Рубио бұған дейін журналистерге берген сұхбатында жеңіске жететіндігіне сенімді екендігін білдірген болатын. «Қазір Головкиннің рекордына қарап отырып, оны орта салмақ категориясы бойынша әлемнің ең мықты боксшысы деуге болады. Бірақ 18 қарашада әлемдегі ең үздік боксшы ол емес мен екенімді дәлелдеуге мүмкіндік бар. Меніңше, Головкин де мен секілді, өзінің спорттық жолында ең ауыр жекпе-жекке шығайын деп жатыр. Бұл кездесуде менің тәжірибем үлкен рөл атқарады. Головкин рингте әлі мұндай тәжірибемен, мұндай күшпен ұшырасқан емес. Менің кәсіпқой бокстағы ең үздің жеңістерімнің бірі - Дэвид Лемьемен болған кездесу еді. Мен оны тізе бүктірдім. Мен сол жолы көп нәрсені үйрендім. Қазір карьерамда тамаша уақыт туындағанын сеземін. Мен қазір бұдан 5 жыл бұрын Келли Павликпен кездескен кездегідей күйде емеспін. Енді мен әлемдегі ең үздік боксшы атануым үшін нағыз бабындағы Головкинді жеңуім керек. Мен міндетті үміткер болсам да Мигель Котто менімен жұдырықтасудан бас тартқанын өздеріңіз білесіздер. Сол үшін біз Головкинге ұсыныс жасадық. Ол келісе кетті. Демек, алда тамаша жекпе-жек болайын деп тұр» - деді Рубио.

Соңғы жаңалықтар