16:14, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Бокс: Қазақстан чемпионатының нәтижелері
АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қостанайда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. 11 салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтау үшін 180-нен астам спортшы шаршы алаңға шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Біздің спорт» сайтына сілтеме жасап. Чемпионат қорытындысы бойынша 48 киләда - Біржан Жақыпов, 51 киләда - Олжас Саттыбаев, 54 киләда - Міржан Рақымжанов, 57 киләда - Мақсат Оспанов, 60 киләда - Ғани Жайлауов, 64 киләда - Рустам Цваев, 69 киләда - Серік Сәпиев, 75 киләда - Әділет Ниязымбетов, 81 киләда - Дәурен Елеусінов, 91 киләда - Василий Левит, ал аса ауыр салмақта - Иван Дычко ел чемпионы атанды. Айта кетейік, бұл чемпионатқа Бейжің олимпидасының чемпионы - Бақыт Сәрсекбаев (69 килә), Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері - Еркебұлан Шынәлиев (81 килә), Афины олимпиадасының чемпионы - Бақтияр Артаев (75 килә) сынды бірқатар боксшылар қатысқан жоқ.