Бокс: Қазақстан құрамасы Варшавада өтетін халықаралық турнирге қатысады

АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы сәуір айының соңында Варшавада өтетін «Феликс Стамм» халықаралық турниріне қатысады.

Бокс: Қазақстан құрамасы Варшавада өтетін халықаралық турнирге қатысады

Осымен 27-ші мәрте ұйымдастырылатын дәстүрлі жарыста біздің боксшылар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, Польша астанасында өтетін турнирде Қазақстан намысын 48 келіде Біржан Жақыпов, 54 келіде Данияр Төлегенов, 64 келіде Данияр Елеусінов, 69 келіде Серік Сәпиев, 75 келіде Нұрдәулет Жарманов, ал аса ауыр салмақта Рүстем Іргебаев қорғайды.