Бокс: Р. Сваев пен И. Дычко әлем чемпионатындағы жарыстарын жеңіспен бастады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының хабарлауынша, 91 киләдан жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Иван Дычко словак Доминик Милконы екінші кезеңде-ақ айқын басымдылықпен ұтқан. Ал, 64 килә салмақта шаршы алаңға шыққан Рүстем Сваев албаниялық боксшы Алби Сорадан басым түскен. Дычконың келесі қарсыласы ресейлік Денис Сергеев, ал Сваев болса қырғыз Қанат Сыдықбаевпен қолғап түйістіреді.
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын мына боксшылар қорғауда:
Әділет Қапезов (48 килә), Олжас Сәттібаев (51 килә), Қанат Әбутәліпов (54 килә), Ержан Мұсафинов (57 килә), Ғани Жайлауов (60 килә), Рүстам Сваев (64 килә), Серік Сәпиев (69 килә), Азамат Белгібаев (75 килә), Данияр Үстембаев (81 килә), Василий Левит (91 килә), Иван Дычко (+ 91 кг).