БОКС: С.Нұрмағамбетовты еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар бірінші орынды иеленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Халық Қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған Халықаралық турнир аяқталды. Қазақстандық боксшылар жалпы командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Жерлестеріміз барлығы 4 алтын, 5 күміс және 15 қола медальге қол жеткізді.
None
None

Екінші орынды Өзбекстан, ал үшінші орынды Тәжікстан құрама командасы иеленді. Турнирге әлемнің алты елінен: Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Малайзиядан барлығы 130 былғары қолғап шебері келді.

«Қазақстан атынан бұл турнирге еліміздің барлық өңірінен 17 команда қатысты. Олардың ішінде ҚР Қорғаныс министрлігінің ЦСКА клубы сапында 5 боксшы өнер көрсетті. Жалпы, шаршы алаңда 65 қазақстандық боксшы ел намысын қорғады» - деді ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Қорғаныс министрлігі ЦСКА спорт клубының ресми өкілі Тимур Жағыпаров.

Айта кетелік, бұл турнирге шетелдік құрамалардың ішінде айтулы боксшылар да болды. Әлем чемпионы, тәжікстандық Шухрат Абулаев пен оның отандасы - Олимпиада ойындарының жүлдегері Анвар Юнусов өз салмақ дережелерінде жеңіске жетті.

Халықаралық турнир ҚР Қорғаныс министрлігі Армиялық Орталық Спорт Клубының залында өтті.

Соңғы жаңалықтар