10:05, 08 Қаңтар 2015 | GMT +5
Бокс тарихындағы рекордтық сомадағы ұсыныс кері қайтарылатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - The Abu Dhabi Group өкілі Акбар Мұхаммед американдық кіші Флойд Мейвезерге филиппиндық Мэнни Пакьяомен шығатын жекпе-жегі үшін 120 миллион доллар беру ұсынысы кері қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлады newsru.com.
Өткен жылғы қарашаның соңында БАӘ инвестициялық қоры Флойдқа Әбу-Дабиде Мэнни Пакьяомен жекпе-жек өткізуін ұсынған. Бұл ретте Мейвезерге осы айқасы үшін бокс тарихындағы рекордтық сома беруге кепілдік берілген еді.
«Біздің шешім қабылдай алатын адамдармен жұмыс істегіміз келеді", - деген Мұхаммедтің сөзін келтіреді Allboxing.ru. - Өкінішке орай, Мейвезер бұл ойымыздан шықпады. Егер Мейвезер 120 миллион таза табыстан бас тартса, "The Money Team-ге" өз атауын қайта қарастыруға тура келетін шығар». Мейвезер - Пакьяо жекпе-жегін 2015 жылғы сәуірде немесе мамырда өткізу жоспарланған болатын.