Бокс: Жиров Уильямсты жеңді
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кәсіпқой бокстан 90,7 келіге дейінгі ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы жерлесіміз Василий Жиров АҚШ-тың Феникс қаласында өткен бокс кешінде американдық Джонатан Уильямсты жеңді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының дерегінше, он раундқа есептелген жекпе-жек екіншісінде аяқталды. Жиров Уильямсты техникалық нокаутқа жіберген. Осылайша кәсіпқой боксқа қайта оралған Жиров соңғы 27 айдағы өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, Жиров өзінің соңғы жекпе-жегін 2007 жылдың шілде айында американдық Кенни Кравенмен өткізіп, басым түскен болатын.