Боксшы Ангелина Лукас отбасындағы мәселеге көмектескен полицейлерге алғыс білдірді

ТАРАЗ.KAZINFORM – Жамбыл облысында учаскелік полиция инспекторы Ангелина Лукасқа және оның отбасына құқықтық сипаттағы мәселеге байланысты жедел көмек көрсетті.

 Белгілі боксшы Ангелина Лукас көмекке келген полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді
Фото: видеодан алынған скрин

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, отбасылық кәсіпке қатысты құқыққа қайшы жағдайлар туындап, әкесінің денсаулығы нашарлаған спортшы полиция бөліміне жүгінген.

Тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәселе бейбіт әрі заңды жолмен шешімін тапты.

Көрсетілген жеделдік, кәсібилік және жанашырлық үшін боксшы полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желі арқылы алғыс білдіріп, олардың азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) аргентиналық Дебора Лопесті (21-3-1, 1 КО) жеңіп, Boxrec.com сайтының рейтингісіндегі орнын жақсартқанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар