Боксшы қыздардың әлем чемпионатынан кейін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Боск федерациясы 8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары қанша сыйақы алатынын айтты. 

Боксшы қыздар әлем чемпионатынан кейін қанша ақша алатыны белгілі болды
Фото: ҚР Бокс федерациясы

8-16 наурыз аралығында Ниш (Сербия) қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған Қазақстан спортшылары Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) тарапынан келесі ақшалай сыйақыға ие болды. 

Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары
Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары
Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары
Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары
Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары
Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары

Сонымен қатар, аталған боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да қаржылай сыйақы табысталады:

Назым Қызайбай – 100 мың АҚШ доллары
Алуа Балқыбекова – 100 мың АҚШ доллары
Аида Әбікеева – 100 мың АҚШ доллары
Виктория Графеева – 50 мың АҚШ доллары
Елдана Талипова – 50 мың АҚШ доллары
Наталья Богданова – 25 мың АҚШ доллары

Бұдан бөлек, бапкерлер мен дәрігерлерге де Қазақстан бокс федерациясы тарапынан сыйақы қарастырылған.

Айта кетелік бокстан әлем чемпиондары елге оралғаны туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар