Боксшы Сабырхан Төрехан шаршы алаңға Атырау облысының атынан шығады

АТЫРАУ. KAZINFORM – Танымал боксшы Сабырхан Төрехан рингке Атырау облысының атынан шығады. 

Боксшы Сабырхан Төрехан шаршы алаңға Атырау облысының атынан шығады
Фото: sabyrkhantorekhan парақшасынан

Боксшының әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасына қарағанда, Атырау облыстық бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримов осындай мүмкіндік жасаған. 

– Бір маңызды жаңалықпен бөлісейін деп едім. Мен бұдан былай Атырау облысының намысын қорғаймын. Маған мұндай мүмкіндік берген Атырау облысы бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримовке алғыс айтқым келеді. Осыған дейін мен Түркістан облысының намысын қорғап, қол жеткізген жеңістерімді осы өңірдің боксшысы ретінде тіркедім. Ол үшін киелі Түркістан облысы федерация өкілдеріне рақмет айтамын, - деп жазды Төрехан Сабырхан.

Боксшының пікірінше, енді елдегі сайыстарға Атырау облысының атынан шығады. Ал халықаралық бәсекелерде елдің, қазақтың намысын қорғайды. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Елордадағы бокс кешіне Махмұд және Төрехан Сабырхан қатысатыны хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар