Боксшы Ангелина Лукас келесі айда жекпе-жек өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас желтоқсан айында үшінші жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
None

Қазақстан атынан кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген Ангелина Лукас Instagram арқылы 11 желтоқсанда кезекті жекпе-жек өткізетінін мәлім етті. Дегенмен ол қарсыласы кім екенін, жекпе-жек қайда өтетінін, қандай титул үшін талас болатынын ашып айтпады.

Бұған дейін боксшы бойжеткен екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеткен. Осыған дейінгі айқасқа 22 қазан күні Ыстамбұлда шығып, украиналық Алена Гуриеваның жеңіп, аса жеңіл салмақ бойынша UBO International чемпионы атанған болатын.


Соңғы жаңалықтар