Бокстан ӘЧ: Қазақстандық боксшы Жомарт Ержан жартылай финалға жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына шыққан Жомарт Ержан қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

49 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан боксшымыз екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Василий Егоровпен жұдырықтасқан болатын. Үш раунд бойы азулы қарсыласынан өзінің басымдығын дәлелдеген боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. 

Айта кетерлігі, ширек финалға Жомарт Ержаннан бөлек тағы 6 боксшымыз шықты. Бүгін олардың қайсысы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға шығатынын білетін боламыз.

Соңғы жаңалықтар
telegram