Бокстан әлем чемпионаты кейінге шегерілді
БАКУ. Сәуірдің 20-ы. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхамедкәрім/ - Әзірбайжан бокс федерациясы хабарлағандай, жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты Исландиядағы жанартау атқылағандықтан көптеген әуе рейстерінің кешігуіне байланысты сәуірдің 25-іне шегерілді.
Сондай-ақ Федерация бұл белгіленген күннің нақты екендігін айтты және жарыстар Америка мен Еуропадан келетін көптеген ұлттық командалардың жоқтығына қарамастан өтеді.
Бұдан бұрынырақ, аталмыш жарыс сәуірдің 20-ы мен мамырдың 2-і аралығында өтеді деп хабарланған болатын.