Бокстан әлем кубогі: Санжарәлі Бегалиев қола жүлдеге ие болды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде ел құрамасының қоржынына қола жүлде салды.

Санжарәлі Бегалиев
Фото: Сали Сабиров/ҚР ҰОК

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Санжарәлі жартылай финалда Оладимеджи Шиттумен (Англия) жұдырықтасты. Нәтижесінде жерлесіміз қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) қола жүлде алған болатын.

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан бокстан әлем кубогінде 18 қарашада ел құрамасынан кімдер шаршы алаңға шығатыны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар