Бокстан әлем кубогында Жансері Көшербаев жарысты аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM — World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бокстан әлем кубогында 20 сәуірде ел құрамасынан Жансері Көшербаев (60 келі) жарыс жолын аяқтады. Отандасымыз 1/16 финалда ирландиялық Джуд Галлахерпен кездесті.

Бокстан әлем кубогында Жансері Көшербаев жарысты аяқтады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

3 раунд бойы қос боксшы шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, жоғары қарқында жұдырықтасты. Нәтижесінде соққылар алмасу барысында дәлдік танытқан Джуд Галлахер төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі) Түркия өкілі Айсен Таскиннен 4:1 есебімен басым түсті.

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіледі.
Енді ел құрамасынан бүгін енді күндізгі сессияда 10-жұпта 1/8 финалда Дәулет Төлемісов бразилиялық Фильо Исайаспен қолғап түйістіреді.

Ал кешкі сессияда 4-жұпта 1/16 финал. Фарух Тоқтасынов (70 келі) ирландиялық Джон МакКоннел, 13-жұпта 1/16 финалда Диас Молжігітов (80 келі) жапониялық Кай Ториабемен шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар