Бокстан Азия чемпионаты: Аманқұл жартылай финалда сүрінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әбілхан Аманқұл Азия біріншілігінің жартылай финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бокстан Азия чемпионаты: Аманқұл жартылай финалда сүрінді

Аманқұлдың қарсыласы өзбекстандық Исраил Мадримов болды. Қазақстандық өзінің қарсыласынан кем түспеді. Алайда судьялар Исақұлов - Латипов айқасындағы секілді, жергілікті боксшыны жеңімпаз танып, талас тудыратын шешім қабылдады.

Әбілхан Аманқұлға Азия чемпионатының «қоласы» бұйырды.