Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы анықталды
АСТАНА. Мамырдың 17-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Келе жатқан бокстан Азия чемпионатына қатысатын әйелдер құрамасының құрамы анықталды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.
«Маңызды спорттық шараға соңғы оқу-жаттығу барысында өткен демалыс күндері болған спарринг-сайыстарының нәтижесі бойынша Азия чемпионатындағы біздің құраманың құрамы анықталды», - деп хабарланды бокс федерациясының таратқан ақпаратында.
Қазақстандық құраманың алғашқы қатарын өз салмақ санатының үздіктері бастады: Назгүл Боранбаева (48 кг), Саида Хасенова (64 кг), Юлдуз Маматқұлова (81 кг жоғары) және басқалар.
«Біздің құраманың дайындығын жоғары деңгейде деуге болады. Елдің бас командасының құрамына енген боксшылардың көбі республика чемпиондары және халықаралық сайыстардың жүлдегерлері болып табылады. Біздің жоспарымызға сәйкес дайындық жүргізуге мүмкіндік берген Қазақстан бокс федерациясының қолдауын атап өткім келеді», - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк.
Әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты Астана қаласында мамырдың 23-і мен 31-і аралығында өтеді. Турнирге қатысуға әлемнің 22-ден астам мемлекетінен командалар келеді.
Қазір бокстан Қазақстан құрамысы Ақмола облысы Щучинск қаласында Азия чемпионатына соңғы жаттығуларын жүргізуде.