Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы Бакуде өтетін әлем чемпионатына қатысады
АСТАНА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бокстан Қазақстанның жастар құрамасы сәуірдің 20-сы мен мамырдың 2-сі аралығында Бакуде өтетін әлем чемпионатына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Назар Ильясов аталмыш чемпионатта ел намысын қорғайтын боксшылардың соңғы құрамын жариялады. Ол тізімге аса ауыр салмақты қоспағанда әрбір салмақ дәрежесі бойынша 2 боксшыдан, барлығы 21 боксшы еніп отыр. Айта кетейік, осы жылдың басында өткен Азия чемпионатында біздің жас боксшыларымыз 4 алтын, 1 күміс және 2 қола медальді жеңіп алған болатын.