Бокстан U19 санаты бойынша Азия чемпионатында бүгін кімдер сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — Бокстан Индонезия астанасы Джакарта қаласында жалауын көтерген Азия чемпионаты жарыстың үшінші күнінде U19 санаты бойынша 6 отандасымыз шаршы алаңға көтеріледі.

Бокстан U19 санаты бойынша Азия чемпионатында бүгін кімдер сынға түседі
Фото: ҚБФ

Олар күндізгі және кешкі сессияда сынға түседі.

Күндізгі сессия. 10:00 (Қазақстан уақыты)
1-жұп. 50 келі. 1/8 финал.
Әділ Асқанбай — Азамжон Хасанов (Тәжікстан)
5-жұп. 60 келі. 1/8 финал
Досжан Жұмақан — Хан-Ен Ванг (Тайпей)
Кешкі сессия. 15:00 (Қазақстан уақыты)
1-жұп. 55 келі. 1/8 финал
Едіге Нұрғожа — Бахтовар Усмонов (Тәжікстан)
5-жұп. 65 келі. 1/8 финал
Ақжүрек Қалабай — Иброхим Шокиржонов (Өзбекстан)
8-жұп. 70 келі. 1/8 финал
Бибарыс Әшірбай — Прашант (Үндістан)
9-жұп. 75 келі. 1/8 финал
Хамза Мақсатұлы — Абдул Гаффар Нур Мухаммад Мат (Сингапур).

Сондай-ақ U19 ерлер құрамасында олардан басқа Тимур Тайбеков (80 келі), Руслан Ахметов (85 келі), Жалғас Өтебеков (90 келі) пен Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Бұл құрамаға Бақыт Сәрсекбаев жетекшілік жасайды.


Айта кетсек, 6 шілдеде ел құрамасынан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатында Нұрасыл Төлебек (60 келі) пен Асылхан Көшербай (65 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.