Бокстан U23 Азия чемпионатында Нұрасыл Төлебек ширек финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Индонезия астанасы Джакарта қаласында жалауын көтерген 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатында Нұрасыл Төлебек (60 келі) ширек финалға шықты.

а
Фото: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының алғашқы айналымында тәжікстандық Дамир Мубалихоновпен өзара мықтыны анықтады. Жекпе-жек 3 раундқа жалғасты. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен отандасымызды жеңімпаз деп таныды.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Асылхан Көшербай (65 келі) бүгін 1/8 финалда Бутан өкілі Дечен Доржиді 5:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бас бапкер Мақсат Бақтыбазаров құрлықтық додаға U23 ерлер құрамасында олардан өзге Нұрзат Оңғаров (50 келі), Бексұлтан Боранбек (55 келі), Нұрбек Мұрсал (70 келі), Аман Қонысбек (75 келі), Өнер Сейілхан (80 келі), Темірлан Мұқатаев (85 келі), Ибрагим Бeтаев (90 келі), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) секілді шәкірттерін алып барды.

Сондай-ақ құрлықтық додада U23 қыздар, U19 ұлдар және қыздар құрамалары ел намысын қорғайды.