08:21, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
«Болашақ аруы 2009» - павлодарлық сұлулардың конкурсы
ПАВЛОДАР. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Он алты павлодарлық сұлу қыз «Болашақ аруы 2009» тәжін сарапқа салу бәсекесіне қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қыздар қазақтың ұлттық киімдерін, ұлттық әшекейлерді тағып жүруді, көпғасырлық дәстүрді сақтауды көрсетті. Қалыңдық киімдерін киген конкурсқа қатысушылар өздерін сенімді сезінді және шығыстың мың бұралған билерін билеп, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің концерт залына жиналған көпшілікті тәнті етті. Жеке тапсырмаларды орындауда конкурсанттар айрықша ерекшеліктерімен танылды.«Болашақ аруы» тәжін Әйгерім Абдулина жеңіп алды. Сондай-ақ «AVON», «Клеопатра», «Қарабас» арулары атақтары беріліп, таланты қыздарға дипломдар табыс етілді.Ұлттық нақыштағы сұлулар конкурсын «Жастар салауатты өмір үшін» бірлестігі мен «Болашақ» қозғалысының павлодарлық филиалы ұйымдастырды.