«Болашақ» бағдарламасына БҚО-дан 100-ге жуық адам құжат тапсырды

ОРАЛ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасына Батыс Қазақстан облысынан 100-ге жуық адам құжат тапсырды.
None
None

Облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгіновтің айтуынша, солардың елуі - жұмыс жасап жүрген мамандар. «Осы мамандар болашақта біздің об­лыстың кадрлық әлеуетін арттырады деп сенемін. Өткен жұма күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Болашақ» халықара­­­лық бағдарламалар орталығының президенті Нұрбек Саясаттың қатысуымен осы мәселеге арналған кеңес өтіп, оған облыстағы жоғары оқу орындарының студенттерін, оқытушыларын, ірі өндіріс орындарының жетекшілерін жинадық. Мұндағы мақсатымыз - президенттік «Болашақ» бағдарламасының бағыттарын, жасалып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын түсіндіру. Жастарды ғылымға ынталандыру, инженерлерді кә­сіптік тағылымдамадан өтуге жіберу мәселелерін талқылау. Себебі индустриялық-инновациялық бағдарламаға сәйкес біз мықты мамандар даярлауымыз керек. Биыл «Болашақ» бағдарламасына көптеген өз­герістер енгізілді. Мысалы, бұрын тек жастарды оқуға жіберетін болса, енді жұмыс жасап жүрген мамандардың білім-білігін көтеру үшін шетелдің ең озық оқу, өндіріс орындарына жіберуге жол ашылып отыр», - деді Алтай Сейдірұлы. 

Соңғы жаңалықтар